Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін екі ведомствоға бөлді

Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін екі ведомствоға бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атауы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып өзгертілді.

Ендігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР-ның Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылды. 

Бұдан былай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.

ҚР Президентінің әкімшілігіне Қауіпсіздік кеңесінің аппаратымен бірлесіп бір ай мерзімде агенттіктер туралы ережелердің жобаларын, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің штат санын қайта бөлу жөнінде ұсыныстарды мемлекет басшысы мен екі жаңа ведомствоның басшыларының қарауына ұсынуды тапсырылды. 

Президенттің жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Талқылау