Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар балалардың ата-анасы және ауыр науқас туыстарына күтім жасайтындар оқу бітірген соң гранттары бойынша жұмыс істеуден босатылады

Фото: freepik.com

Президент Тоқаев “кейбір заңнамалық актілерге мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Онда мектептер мен университеттерге қатысты қандай өзгерістер енгізілгені айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Заңдағы өзгерістерді депутат Асхат Аймағамбетов түсіндірді.

Енді ерекше қажеттігі бар балалардың ата-анасы және ауыр науқас туыстарына күтім жасайтындар оқу бітірген соң гранттары бойынша жұмыс істеуден босатылады.

Шетелде білімін жалғастыратындар үшін де (резидентура, магистратура, аспирантура және докторантура) оқуын кейінге қалдыру мүмкіндігі бар.


"Мектеп оқушыларын құрылысқа жеккен": Жамбыл облысында жасөспірімді өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша іс алғаш рет сотқа жетті


Енді коучтар мен "инфосыған" блогерлер дипломсыз курс сата алмайды: Жаңа заң дайындалып жатыр


“Ірі халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары енді ақшалай сыйақы алады. Оның көлемі мектеп оқушылары үшін 6 миллион теңгеге дейін (11 000 доллар) жетеді.

Санитария-эпидемиологиялық қызмет енді мектеп асханаларын және жазғы лагерьлерді алдын ала ескертусіз тексере алады. Мемлекеттік балабақшаларға арналған жер учаскелерін жеке меншікке беруге болмайды”, – деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Мәдениет туралы” заңға қол қойған еді. Оның ішінде  концерттер кезінде дауыстық фонограммаларды пайдалануға тыйым салу туралы да тармақтар бар

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 10:33