Тоқаев қызметінен босатқан судьялардың арасында бұрын пара алды деп айыпталған Жолманова да бар
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатқан судьялардың қатарында бұрын басы дауға қалған, қазір Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманова да бар. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қызметінен босатылсын: (...) Медеу аудандық сотының судьясы – Жолманова Светлана Сәтбаевна судьяны тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босату қажеттігі туралы сот жюриінің қаулысымен”, – делінген Тоқаевтың жарлығында.
- "Ол өзімнің ақшам": Алматыда бума-бума доллармен ұсталған судья мәлімдеме жасады
- Кабинетінен 10 мың доллар табылған: Жоғарғы Сот Кеңесі алматылық судья Светлана Жолманованы қызметінен босатты
Еске салайық, 2021 жылдың 29 сәуірінде Алматы қалалық соты тергеуге түскен судья Светлана Жолманованың кабинетінен 10 мың доллар табылғанын растады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арқылы тергеу басталып, судьяның өзі кінәсіз екенін айта бастаған.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
Айыптаудың негізгі эпизоды былтыр 20 қаңтардағы кездесуден басталған
"233 миллиард теңгенің ұмытылмаған сабағы": Қазақстанға 2029 жылғы Азия ойындарын өткізудің пайдасы бар ма?
Ақырыс Сейтқазы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты