Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаевты Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды. Ұшақтан әуежай ғимаратына дейін қызыл кілем төселген. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қызыл раушан гүлдерінің шоғы табысталып, бауырсақтан дәм тату ұсынылды.
Осы уақытта әуежай ғимаратында ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуіне орай Бішкек әуежайында қолдан тігілген киіз үйлер қалашығы орнатылды. Мемлекет басшысын ұлттық қырғыз киімін киген қыздар мен атқа мінген батырлар қарсы алды.
Қырғызстан көршісінің есебінен аумағын кеңейте бастады
"Жоғары мәртебелі": Түркия президенті Тоқаевты сән-салтанатымен күтіп алды
Әуежай кіреберісінде екі елдің туы ілініп, Қазақстан президентін қазақ және қырғыз тілдерінде салтанатты түрде қарсы алу мәтіні жазылған билборд орнатылған.
Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Түркияға ресми сапармен барған еді.

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
