Тоқаев Қазақстанның Тайваньға қатысты ұстанымын айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбатында Қазақстанның Тайваньға қатысты ұстанымын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Телеарна журналисі Тоқаевтың Тайвань туралы пікірін сұраған.
"Біз бұл әлемдегі барлық адамға айдан анық мәселе деп есептейміз. "Екі Қытай" болмауы керек. Тайвань Қытайдың бір бөлігі болып табылады. Барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы принципі Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген. Ереже сақталуы керек”, – деп жауап берді Тоқаев.
Мемлекет басшысы тайвань Қытайдың бір бөлігі екенін бірнеше рет қайталады.
“Бұл қағида Шанхай ынтымақтастық ұйымының декларациясы мен Жарғысында да белгіленген. Сондықтан мен тағы да бір рет атап өткім келеді. Тайвань Қытайдың бір бөлігі. Және бұған еш күмәніміз жоқ", - деді Тоқаев.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды