Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанның оқу орындарында ұлттық нақышта киіну үрдісі туралы бастаманы қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның оқу орындарында ұлттық нақышта киім кию туралы бастаманы қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

окушы улттык накыш

Фото 7152.kz

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Тоқаев ең басты міндет – ұлттық болмысымызды нығайту екенін баса айтты.

“Мысалы, Көрісу күнінен басталатын мейрам кезінде әр күннің өз атауы болады. Соның бірі Ұлттық киім күні деп аталады. Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек. Мен былтыр ауызашар берген кезде осы мәселеге арнайы тоқталдым. Кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн. Әсіресе, қазіргі таңда мұндай қадамдардың мән-маңызы айрықша”, – дейді мемлекет басшысы.



Президент соңғы жылдары ел ішінде қара киініп, тұмшаланып жүретін адамдар пайда болғанына назар аударады.

“Олар – бөтен емес, өз азаматтарымыз. Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған. Бұл – еліктеушіліктен, әсіре-діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек", – дейді Тоқаев.

Бұған дейін Тоқаев елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырғаны туралы жазылған.

Талқылау