Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

25 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тұрғындарын Республика күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, бұл егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы. Республика күні  халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді деді.

“Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды”, – деп мәлімдеді президент.

Сөзінше, Қазақстан болашақ ұрпақтардың игілігі үшін біртіндеп алға ұмтылып, әділетті қоғам құрып жатыр.

"Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық. Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Талқылау