Тоқаев Қазақстанда жапон университеттерінің бөлімшелерін ашуды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев Қазақстанда шет мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары табысты қызмет етіп жатқанын айтты.
"Адам капиталы – дамудың басты қозғаушы күші. Жапония бұл формуланың дұрыстығын нақты дәлелдеді. Адам, еңбекке құрмет көрсету, ұдайы жетілуге ұмтылу, өмір бойы оқу, өскелең ұрпаққа білім беру – Сіздің мемлекетіңіздің артықшылығы. Қазақстан білім саласын белсенді дамытып жатыр. Әсіресе, шетелдік серіктестерімізбен бірге осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Елімізде шет мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары табысты қызмет етуде”, – деді Тоқаев.
Осылай деген Тоқаев Жапонияға Қазақстанда университеттер мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барып, Токио әуежайында Жапонияның сыртқы істер министрі қарсы алғанын жазған едік. Сапар барысында мемлекет басшысы император Нарухито мен премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесіп, "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысты.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты