Тоқаев “Қазақстан барысы – 2025” турнирінің жеңімпазы Марат Байқамұровты жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан барысы – 2025” турнирінің жеңімпазын жүлдесімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
18 қазан күні Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінің ең басты додасы XIV республикалық “Qazaqstan Barysy – 2025” турнирі өтті. Боз кілемге еліміздің түкпір-түкпірінен 43 ең мықты балуан шықты. Олардың ішінде Марат Байқамұров топ жарды. Ал оны жеңісімен президент құттықтады.
“Марат Байқамұровты қазақ күресінен “Қазақстан барысы – 2025” турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді”, – деді Тоқаев.
Айта кетейік, 18 қазан күні Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінің ең басты додасы XIV республикалық “Qazaqstan Barysy – 2025” турнирі өткен еді. Онда қазақ күресінде “Найман” лақап атымен танылған “Әскер Барысының” жеңімпазы Марат Байқамұров жеңімпаз атанды.

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
