Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Катар әмірімен сөйлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайды білді

Коллаж: Stan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Олар әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президент аймақта қақтығыстың өршуіне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Катар халқына тілектес екенін айтты. 

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдау білдіретініне ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. 

Қазақстан президенті қасиетті Рамазан айында Катар Әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас халыққа бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 01 Наурыз, 2026 16:58