Тоқаев Ішкі істер вице-министрін лауазымынан босатты
Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айдос Рыспаев бұл қызметке 2023 жылдың қарашасынан бастап кіріскен.
Айта кетейік, Айдос Какашаұлының арнайы атағы – полиция генерал-майоры.
- Ол 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Ішкі істер министрлігінің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған;
- 1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы ІІБ криминалдық полициясында қызмет атқарды;
- 2005 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласының полиция департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда болды;
- 2019-2022 жылдары Нұрсұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары болды;
- 2022 жылы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болды;
- 2023 жылғы қарашадан Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне Бауыржан Әленовті тағайындаған еді. Әленов 2022 жылы президент әкімшілігінің келісімімен Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалған.
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді