Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ішкі істер министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне Бауыржан Әленовті тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ішкі істер министрлігі 

"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, ол 2004 жылы "Фемида" заң институтын тәмамдаған, 2012 жылы Қарағанды заң институтының магистр дәрежесін алды.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады. Бауыржан Әленов 2021 жылы қаңтар айынан бастап Қазақстан ІІМ Жедел қызмет департаментінің бастығы, оған дейін Қазақстан ІІМ Жетінші департаментінің басшысы болған.

2022 жылы президент әкімшілігінің келісімімен полиция полковнигі Бауыржан Әленов Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалған.



Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары сенат депутаты болып тағайындалғанын жаздық. Парламент сенатының депутаты Ләззат Қалтаева қызметінен босатылып, орнына Марат Қожаев келді. Бұл өзгерісті Ақорда мәлімдеді.

Талқылау