Тоқаев Digital Almaty форумын видеоүндеумен ашты
Бүгін Алматыда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлерінің қатысуымен Digital Almaty форумы өтуде. Жиналыс басында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, іс-шараны видеоүндеумен ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазіргі жағдайда электронды үкімет қызметі мен қашықтан білім беру жүйесі айтарлықтай маңызға ие болып отыр. Мәселен Қазақстанда 90% мемлекеттік қызмет онлайн форматқа ауысты. Болашақ технология мен инновацияның қолында екенін барлығымыз жақсы білеміз. 2021 жылы жасанды интеллектті дамытуға бағытталған техникалық және бағдарламалық шешімдер нарығының үлесі 35%-ға өсіп, 12 миллиард долларды құрамақ" - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев қазіргі күні елімізде ақылды экожүйе құруға күш салынып жатқанын атап өтті. Сөзінше, алдағы уақытта цифровизацияға алдағы бес жылда 500 миллиард теңге тарту жоспарда бар.
"Біздің атқарып жатқан жұмысымыздың тиімділігі ұлттық ақпараттық жүйеге тәуелді. Біздің одақтың аясында интеграциялық үдерістерді әлі де жетілдіру керек. Бүгін осыған байланысты ұтымды шешімдер мен идеялар ұсынылатына сенімдімін", - деп қосты Тоқаев.
Stan.kz тілішісі халықаралық іс-шара басталғанда журналистердің интернеті өшірілгенін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыға Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің келгені жайлы айтылған еді.