Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Boeing компаниясының басшыларымен кездесті: АҚШ-тан ұшақ жеткізіліп, тікелей рейстер ашылмақ

Тоқаев Boeing компаниясының басшыларымен кездесті: АҚШ-тан ұшақ жеткізіліп, тікелей рейстер ашылмақ

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккиді қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында президент авиация, қорғаныс және ғарыш техникаларын шығаратын Boeing трансұлттық корпорациясының басшылығымен кездесті.

“Отандық Air Astana, SСAT және Vietjet Qazaqstan компаниялары еліміздегі авиация саласын дамытуда ерекше маңызға ие ортақ жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделі”, – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу бойынша келісімге қол қойылғанын құптады.

Биыл жыл соңына дейін Америка Құрама Штаттарына тікелей әуе қатынасын ашу мақсатында Boeing 787 Dreamliner ұшақтары елімізге жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Тоқаев Boeing компаниясының басшыларымен кездесті: АҚШ-тан ұшақ жеткізіліп, тікелей рейстер ашылмақФото: Ақорда

Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы қосымша Boeing ұшақтарын сатып алмақ. Сондай-ақ америкалық корпорациямен серіктестік негізінде Шымкент әуежайында алғашқы техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Джефф Шокки компанияның цифрландыру саласындағы жоспарымен бөлісіп, Қазақстанның көлік-транзит әлеуетіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, әуемен жүк тасымалдау бағытында нәтижелі ықпалдастық орнатуға мүмкіндік мол.

Сонымен қатар кездесу барысында авиация саласына маман даярлау және еліміздегі жүк тасымалдаушы ұшақтар паркін дамыту перспективасы талқыланды.

Айым Болатқызы
Жұма, 20 Ақпан, 2026 08:49