Тоқаев Бахрейн мен Конгодағы Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады

Фото: gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бахрейн мен Конгодағы Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрлардың ауысқанын Ақорда мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстанның Бахрейн корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"