Тоқаев Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Физули әуежайында Тоқаевты Әзірбайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оглы Эюбов күтіп алды.
"Шушадағы саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін 4 шілдеде Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталғаны туралы жазған едік.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық