Тоқаев Қазақстандағы маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрден бастап, күштік құрылым мен ұлттық компания жетекшілерін арнайы орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорда мәліметінше, президент бірнеше басшыларға тапсырма берді.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, "Самұрық-Қазына" қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды. Бұл нысандарға көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым, сондай-ақ әуежайлар, теңіз және өзен порттары кіреді”, – делінген хабарламада.
Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына жүктелді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен