Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді “Ерлігі үшін” медалімен марапаттады

Фото: instagram.com/rustemova_aliya

Тоқаев Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшерді “Ерлігі үшін” медалімен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.


"Үйленгенімізге екі апта ғана болған": Үстіне кондиционер құлаған фельдшердің күйеуі кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті


“Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Мырзуан (марқұм) “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Астана қаласының әкімдігі фельдшердің отбасына көмек көрсетеді.

“Материалдық қолдау, сондай-ақ жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты шығындарды өтеуді қоса алғанда жан-жақты көмек көрсету жоспарлануда. Сонымен қатар белгіленген тәртіпке сай сақтандыру төлемі де қарастырылған”, – делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада ғимараттың сыртқы қабырғасы құлап, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақат алғаны туралы жазған едік. 18 қараша күні 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 20:15