Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Алматы облысының әкіміне нақты тапсырмалар берді

Фото: akorda.kz

Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президентке облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде ақпарат берілді.

Марат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, соңғы 3 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе артып, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге өскенін айтты. Биылғы қаңтар – қазан айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 %-ды құрады. Халықаралық компаниялардың қатысуымен тағам өнеркәсібі, логистика және металлургия салаларында жалпы сомасы 470 миллиард теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба іске асырылып жатқан көрінеді.


Алматы облысында экс-әкімнің ұлы қала аумағындай жерге иелік етеді: Бұған облыс әкімі не дейді

Тұрғындар жайылым жердің қытайлық компанияға берілуіне қарсы шықты: Алматы облысының әкімі жерлердің тек жалға берілетінін айтты


 “Президентке Алматы облысы ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдаланатын жетекші өңірлердің бірі екені баяндалды. 1 теңге субсидияға 17 теңгеге дейін ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Тауарлы сүт фермаларының саны 11-ге дейін көбейді. Облыстың әлеуметтік дамуы туралы ақпарат берелді. Биылғы он айда 950 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған. Үш ауысымды мектептер саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ облыс әкімі президентке Қапшағай су қоймасы мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы туризм кластерінің даму барысын таныстырды. Облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. 

Тоқаев облыс әкіміне өңірдің өнеркәсіп және аграрлық әлеуетін нығайту, логистика, туризм салаларын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді кешенді түрде шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 19:29