Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты жиын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

"Мемлекет басшысы үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты", — делінген хабарламада.

Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, Қазақстандық валюта нарығындағы теңге әлсіреп, бір доллар 518,5 теңгеге жеткен.

Еске салсақ, 3 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп 180-нен астам елге жаңа салық тарифтерін енгізетінін мәлімдеді. Тізімде 34%-дық тарифпен Қытай да бар. 4 сәуірде Қытай АҚШ-тың әрекеттеріне жауап ретінде барлық АҚШ өнімдеріне 34%-дық тариф енгізетінін жариялады. Жаңа тариф 10 сәуірден бастап күшіне енеді. 

Ал 7 сәуір күні Трамп Қытай билігі жауап ретінде енгізілетін салық тарифтерінен бас тартпаса, қосымша 50%-дық баж салығын енгізетінін айтып сес көрсеткен еді. Артынша АҚШ Қытайға 104%-дық баж салығын енгізгенін мәлімдеді.

Талқылау