Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: АҚШ президентіне Қытайды қуысқа тықпауға кеңес берер едім

Қазақстан президенті Қасым-жомарт Тоқаев АҚШ пен Қытаймен арасындағы сауда қатынасы жайлы айтты. 

Тоқаев: АҚШ периздентіне қытайларды қуысқа тықпауға кеңес берер едім

Қазіргі уақытта АҚШ сауда балансын тұрақтандыру үшін қытайлық тауарларға көп мөлшерде салық саламын деп қорқытып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеп.

"Алда тәуекелдер бар. Қазақстан Қытай үшін ірі экспортшы ел болғандықтан АҚШ пен Қытаймен арасындағы сауда соғысында біз үшін алаңдаушылық бар. Қазақстандық тауарлардың бағасы төмендеуі мүмкін. Екі ел өзара келісімге келеді деп үміттенеміз. Мен қытай басшыларының психологиясын білемін. Қытай халқының психологиясын да білемін. Сондықтан келісім жасалады деп ойлаймын", - деді Тоқаев. 

Бұл орайда Тоқаевқа "Трампқа қандай кеңес бересіз?" деген сауал қойды. 

"Қытайларды қуысқа қумауға кеңес берер едім. Себебі қытайлар үшін адамнан айырылу үлкен рөл атқарады", - деді Қазақстан президенті.

Талқылау