Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев ақын-жазушыларды Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы сыйлықпен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Ақорданың мәліметінше, мемлекеттік сыйлық ақын Нұржан Светқалиға "Көкірегім көне кітап" жыр кітабы үшін берілді. 

"Жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына "Адамның бір қызығы бала деген" кітабы үшін, авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына "Көшпенді фрескалар" киізден бастырылған паннолары топтамасы мен "Әлем өрнектері" гобелендер топтамасы үшін табысталды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына "Балалықтан даналыққа жол" топтамалар жинағы үшін тарту етілді.



Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы" жарлыққа қол қойып, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге үлес қосқан бір топ азаматты марапаттағанын жазған едік. Жиында І, ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен және "Құрмет", "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдары табысталды.

Талқылау