Тоқаев 70 жас мерейтойын атап өтпейді – Ақорда
Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 жас мерейтойына орай ешқандай шара ұйымдастырылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай президенттің туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтардың көптеп түсетінін айтады.
“Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады”, – делінген жазбада.
Сәйкесінше Қазақстанда да, Қытайға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді екен.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі