Халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек – Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Израиль президенті мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылдануымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
“Сіздің “барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет” деген пікіріңізбен келісемін”, – деді Ицхак Герцог Тоқаевқа.
Қазақстан президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.
Израиль президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ.
Күні кеше Франция президенті Эмманюэль Макрон Тоқаевқа қоңырау шалған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр