Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жастағы қазақ қызы “Голос” шоуында әйгілі Нюшаны тәнті етті (видео)

Алматылық тоғыз жастағы Алина Сансызбаева ресейлік “Голос.Балалар” жобасының іріктеу турынан өтті.

4616c17d7792bbbc2c43282a6e30bc5f_crop_l_1_t_16_w_898_h_505

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Алматыда тұратын талантты әнші қыз америкалық Арет Франклиннің қиын әнін орындап, қазылар алқасын тәнті еткен.

Ол іріктеу кезеңінде “Think” әнін орындады. Тәлімгерлер арасынан қызға бірінші болып бірден Нюша бұрылған. Кейін берген сұхбатында Алина, өзінің де көңілі Нюшаны қалағанын, сол әншінің тобына түскісі келгенін айтыпты.

Алина Сансызбай украиналық “Голос” жобасына да қатысқан және Мәскеуде өткен “Поколение NEXT-2015” байқауында жеңімпаз атанған. Ол кезде тәлімгер Дмитрий Монатик Алинаға бұрылып, келесі кезеңдерде қазақ қызына ұстаздық еткен болатын.

Алина музыкадан бөлек, би, каратемен айналысады.

Еске сала кетсек, “Голос. Балалар” – вокалдық телевизиялық шоу. Оған 7-14 жас аралығындағы балалар қатысады. Түбірі нидерландылық The Voice Kids жобасының баламасы болып табылатын ресейлік байқауда үш тәлімгер мықтыларды анықтайды. Олар – Валерий Меладзе, Нюши және Дима Билан.

Оқи отырыңыз:

Ауыпбаев: Күзетші болып жүр дегенді естігендер қаржылай көмек ұсынды

Әнуар Нүрпейісов өзін сынағандарды қатыгездер деп атады

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Ерке Есмахан өзі жүргізген тойда қалыңдық гүлін тосып алды

Талқылау