Тоғыз қалада пияздың бағасы екі есеге өсті
Еліміздің тоғыз қаласында пияз екі есе қымбаттады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Пияздың бағасы соңғы 12 айда 87%-ға өсті.Тіпті бағасы аспандаған қантты 60%-ға дерлік басып озды. Кейбір жерлерде тұрақты қорлардан пияз сатыла бастады.
Қостанайдағы дүкендердің біріндегі пияз қазір 260 теңге. Егер қаппен алсаңыз, жеңілдік жасалады. Бірақ белгілі бір дүрбелең жоқ, адамдар екі-үш килограммен алады.
“Қазіргі уақытта пияз 260 теңге, көтерме бағамен 250 теңгеге алып келеміз. Үстеме баға аз. Пиязбен ешқандай шу, дүрбелең жоқ, 8-10 килограммнан қаппен алуға болады. Өкінішке қарай, көбі олай алмайды, – деді сауда бөлімінің бастығы Константин Бурак.
Әлеуметтік бағадағы пиязды бірнеше сағат ішінде тез алып кетеді. Өйткені құны нарықтық құннан екі есе төмен.
“Тұрақтандыру қорынан тек үш тонна ғана беріледі. Бағаны ұстап тұру үшін оны созудамыз. Оңтүстіктен пияз келіп, баға төмендейді деп үміттенеміз. Кәсіпкерлік бөлімімен күн сайын әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының мониторингі жүргізілуде. Тұрақты қордан пияз түскеннен кейін дүкендерде баға төмендегені байқалады”, – деді "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы Нұралы Есергепов.
Бір жыл ішінде пияз бағасы Жезқазғанда айтарлықтай артты. Жылдық өсім 200 %-ға жуық. Содан кейін Қостанай, Тараз және Қызылорда көш бастап тұр.
Бір апта ішінде бұл көкөніс бағасының өсуін Атырау, Қостанай және Жезқазған тұрғындары көбірек сезінді. Жалпы пияз елдің тоғыз қаласында екі есе қымбаттау болды.