"Тыйым салу жеткіліксіз": Аймағамбетов оқушылардың телефон қолдануын шектейтін шаралар қабылдау керегін айтты

Фото: Freepik.com
Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына смартфондарды пайдалануға шектеулер қою туралы айтты. Оның пікірінше, балалар телефондардың кесірінен әлеуметтене алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат тыйым салу жеткіліксіз екенін айтты. Сөзінше, балалардың уақытын тиімді өткізу үшін көбірек шаралар қабылдауымыз керек.
“Ересек педофилдер кішкентай балалармен кездесу ұйымдастырған танымал ойындар бар. Аттарын атағым келмейді. АҚШ пен Англияда көптеген жағдайлар болды, тіпті зорлау жағдайлары болған. Соңы суицидке әкелген. Біз ұтымды тәсіл қолдануымыз керек”, – деді Аймағамбетов.
Балалар мектепте телефон пайдаланғаны үшін ата-аналарына 20 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ
Ол кешенді, жүйелі тәсілдің ішінде мектепте смартфондарды шектеу болуы керегін айтты.
“Бес және тоғыз жасар балалар күні бойы TikTok-ты парақтай алмайтынына сенімдімін. Бұл олардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сол үшін көбірек үйірмелер мен іс-шаралар ұйымдастырылуы қажет", – деді депутат.
Ол кей елдерде ойын автоматтарына тыйым салынғанның өзінде балалар "ойын автоматын" алып жүретінін тілге тиек етті.
"Бұл тәуелділік тудырады. Сондықтан кибергигиена, цифрлық сауаттылық және әлеуметтену жасанды интеллект дәуірінде өте маңызды. Мектеп тек сабақ беру емес, бұл – әлеуметтену орны. Онда балалар үзіліс кезінде бір-бірімен қарым-қатынас жасауы керек. Бірақ біз не көріп отырмыз? Үзіліс кезінде барлығы телефонын алып шығады, ал шынайы байланыс жоқ", – деп қосты депутат.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салынатыны туралы жазған едік.
Қазақстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды: Әншілер бұл туралы не ойлайды