Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасының командасы 2024 жылы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

сыйақыФото: kapital.kz

2024 жылы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бастаған топ-менеджмент пен директорлар кеңесінің мүшелері шамамен 1,7 миллиард теңге көлемінде сыйақы алған. Аталған көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 22,8%-ға жоғары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық банктің басқарма мүшелері мен директорлар кеңесіне төленген сыйақының жалпы көлемі 2024 жылы 1,7 миллиард теңге, 2023 жылы 1,4 миллиард теңге болған. Бұл сомаға жалақы мен өзге де төлемдер кіреді. Ұлттық банк 1,7 миллиард теңгені қанша адам бөліскенін және сыйақының не себепті артқанын нақты көрсетпеген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық банктің шығыны 355 миллиард теңгеге жетіп, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп болған. Ал инфляция деңгейі 8,6% болған.

қызметкерлер сыйақысыСкрин: Есептен алынды

2025 жылдың ақпанына дейін Тимур Сүлейменовтің бес орынбасары болған. Сол айда Ерұлан Жамаубаев бірінші орынбасар ретінде тағайындалды. Ұлттық банктің құрамында 11 еншілес ұйым бар, олардың қатарында Қазақстан теңге сарайы, Ұлттық төлем корпорациясы, Депозиттерге кепілдік беру қоры, Банкнот фабрикасы және басқалары бар.

Ұлттық банктің сайтында директорлар кеңесінің 19 мүшесі көрсетілген (басқарма мүшелерінен бөлек). Алайда олардың бәрі сыйақы алғаны не алмағаны белгісіз.


"Баға шарықтау шегіне жетеді": Ұлттық банк төрағасы жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін не болатынын айтты


Банктер не себепті қазақстандықтарға ипотека беруден жаппай бас тартып жатыр – Ұлттық банк төрағасы түсіндірді


Жақында өткен қазан айындағы брифингте журналистер Ұлттық банк төрағасынан оның жалақысын сұраған,. Бірақ Тимур Сүлейменов бұл мәліметтер қызметтік ақпаратқа жататынын айтып, жауап беруден бас тартқан. Сондай-ақ ол салық декларациясын заң шығарушы орган шешім қабылдамайынша жарияламайтынын мәлімдеген.

2024 жылы Ұлттық банктің қызметкерлерінің шығындары 11%-ға өсіп, 54,2 миллиард теңге болған. Оның ішінде жалақы көлемі 8,5%-ға артып, 31 миллиард теңге болса, сыйақылар 20%-ға өсіп, 16,5 миллиард теңгеге жеткен. 

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қазан айының соңына дейін Ұлттық банктің бас кеңсесі Астанадағы жаңа 12 қабатты ғимаратқа көшеді. Алайда ол ғимараттың бағасы қанша болғанын айтудан бас тартты.

"Қанша қаржы жұмсалғанын, өкінішке қарай, айта алмаймын. Себебі бұл ақпарат “құпия” санатына жатады. Менде бұл мәліметті жариялауға негіз де, мүмкіндік те жоқ. Ақша қайдан алынды? Ұлттық банктің өз бюджеті есебінен. Төлем бірнеше кезеңмен жүргізілді: аванс, аралық төлем және соңғысы. Барлығы өз бюджетімізден төленді”, – деді Сүлейменов.

Айта кетейік, бұған дейінТимур Сүлейменов жалақысы мен декларациясын жариялаудан бас тартқан еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 15 Қазан, 2025 16:30
Талқылау