Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур мен Динара Құлыбаевтар Алматыдағы "Car City" сауда орталығынан миллиондаған дивиденд алады

Фото: yandex.kz/maps

Алматыдағы автокөлік бөлшектерін сатуға маманданған танымал "Car City" сауда орталығының иелері 2024 жылдың қорытындысы бойынша 350 миллион теңге дивиденд алмақ. Негізгі табыстың басым бөлігі Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Былтыр 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы қоғамның таза кірісінің бір бөлігін бөлу тәртібі бекітілді. Қабылданған шешімге сәйкес, қарапайым акция иелерінің барлығына 350 миллион теңге көлемінде дивиденд төленетін болды.

Қордың қаржылық есебіне сәйкес оның 51%-ы Mercury Properties ЖШС-не тиесілі, 16%-ы Алина Қасымоваға, 15%-ы Раушан Сәгдиеваға, 10%-ы Нұрахмет Нұриевке (ол "Қазақмыс" корпорациясының басқарма төрағасы), ал 2%-дан Балдырған Ғалиеваға, Айгүл Сыздықоваға, Дия Қасымоваға және Кения Қасымоваға тиесілі.

Mercury Properties компаниясының тең иелері Динара Құлыбаева және Kipros компаниясы, ал соңғысының жалғыз иесі Тимур Құлыбаев. 
Forbes журналының нұсқасы бойынша Тимур мен Динара Құлыбаевтар Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінде тиісінше төртінші және бесінші орындарда тұр, әрқайсысының байлығы шамамен 5,3 миллиард доллар деп бағаланады.

Қордың ресми құжаттарына сенсек, Құлыбаевтар 178,5 миллион теңге, Алина Қасымова – 56 миллион теңге, Раушан Сәгдиева – 52,5 миллион теңге, Нұрахмет Нұриев – 35 миллион теңге, ал қалған акционерлердің әрқайсысы – 7 миллион теңгеден дивиденд алады.

Car City қорының жарғылық капиталы 121,15 миллион теңге болады. Қор Алматыдағы "Car City" сауда орталығына иелік етіп, оның сауда орындарын жалға береді. Бұл орталық автокөлік бөлшектерін сатуға маманданған нысан ретінде кеңінен танымал. Қордың активтері UD Capital компаниясының сенімгерлік басқаруында.

Сауда орталығының жалпы ауданы 31,4 мың шаршы метр, ал жер телімі – 1,55 гектар. 2024 жылы бір шаршы метрдің жалдау ақысы 6550 теңге, ал 2023 жылы 5617 теңге болған. 2024 жылы жалдау қызметтерінен түскен табыс 1,64 миллиард теңге-ні құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 1,6 миллиард теңге болған. Қордың таза пайдасы 2024 жылы 1,3 миллиард теңге, ал 2023 жылы 1,08 миллиард теңге болған.


Қазақстанда банктер көбейеді


Halyk Bank акционерлеріне 2024 жыл үшін тағы дивиденд төлейді: Бұл үшін 229 миллиард теңге бағытталмақ


Еске салайық, бұған дейін 13 ақпанда Kaspi.kz акционерлерінің бірі Вячеслав Ким Jusan Bank акцияларының бақылау пакетін сатып алмақ ниетте екенін жазған едік. Вячеслав Ким Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш тастаған. Мұндай ақпарат ақпан айының басында пайда болды. Алайда кәсіпкердің өзі де, мемлекеттік реттеушілер де бұл туралы түсініктеме бермеді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 15 Қазан, 2025 10:56
Талқылау