Тимур мен Динара Кулибаевтар Halyk Bank акцияларын 475 миллион долларға сатты
Фото: Halyk Bank
Тимур мен Динара Кулибаевтардың банктағы үлесі "АЛМЭКС" компаниясы арқылы өткізілген акция сатылымынан кейін 69,5%-дан 62%-ға төмендеді. Сауда көлемі 475,4 миллион доллар болып, оның басым бөлігі халықаралық инвесторларға өтті. Ал Halyk Bank осы сатылымнан ешқандай табыс алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сатылған акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттың саны банктегі айналымдағы жалпы акцияның 7,6%-ы болды. Сауда көлемі 475,4 миллион доллар (247 миллиард теңге) болып, оның ішінде жергілікті 121,8 миллион акция бір акцияға теңестірілгенде 298,66 теңгеден сатылды, ал 17,6 миллион депозитарлық қолхатты 23 доллардан өткізді.
Халықаралық инвесторлар 17,4 миллион депозитарлық қолхат алса, ал Қазақстан инвесторлары 0,2 миллион қолхат пен 121,8 миллион акцияны сатып алды. Жалпы орналастырудың 84%-ын шетелдік инвесторлар сатып алды. Halyk Bank осы сатудан ештеңе алмайды, себебі акцияларды "АЛМЭКС" компаниясы сатты. Бәрі шамамен 825,8 миллион акция сатылған, соның ішінде депозитарлық қолхат та бар. Кейбір стандартты жағдайларды есепке алсақ, "АЛМЭКС" қалған акцияларын бір жыл бойы сатпайды.
Лондон қор биржасында депозитарлық қолхаттар саудаға 25 қарашада шығады деп отыр. Ал Астана мен Қазақстан қор биржаларында жергілікті акциялар мен депозитарлық қолхаттар 26 қарашада саудаға шығады. Орналастырудан кейін "АЛМЭКС" банк акцияларының 6,7 миллиард теңгесіне, яғни айналымдағы 62%-ына ие болады.
Бірнеше күн бұрын олар халықаралық және қазақстандық инвесторлардан өтінімдер жинаған еді. Жалпы 12 миллион депозитарлық қолхат орналастырылады деп жоспарланған, бұл банк акциясының 4%-ы. Ақыр соңында "АЛМЭКС"-тің үлесі бақылаушы болып қала береді, 51%-дан жоғары, бірақ бұрынғыдай 69,5% емес, кем дегенде 65,5%-ға дейін төмендейді.
Айта кетейік, Тимур мен Динара Кулибаевтар Forbes бойынша Қазақстанның ең бай төртінші адамы, әрқайсысының капиталы 5,3 миллиард доллар (2,756 триллион теңге).
Тимур мен Динара Құлыбаевтар Алматыдағы "Car City" сауда орталығынан миллиондаған дивиденд алады
Депутат қазақстандықтардың заңсыз алынған кредиттерін есептен шығару туралы ұсыныс жасады
Еске салайық, бұған дейін Тимур Құлыбаевқа тиесілі банктің табысы жүздеген миллиард теңгеге артқанын жазған едік. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша таза пайда 809,9 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 26,8% өскен. Жуырда Halyk Bank өз акционерлеріне рекордтық көлемде дивиденд төледі. KASE сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 22 қыркүйекте өткен акционерлердің жалпы жиналысында банк өткен жыл үшін жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған.