Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 миллиард теңге талап етіп отыр – Депутат
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бизнесмен Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 миллиард теңге өндіріп алғысы келетінін жеткізді. Айтуынша, талап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерін қайтару ісімен байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: farabi_university парақшасынан скрин
Мәжілісмен өз өтінішін Бас прокуратураға жолдады.
"Соттың шешімі бойынша бизнес орталық салатын жерінен айырылған Тимур Құлыбаевтың фирмасы Алматы әкімдігіне 34 миллиард теңге сомасында шот-фактура жасады. Енді соттан ұтылғаннан кейін компания бизнес орталықтың құрылысына салған өзінің заңсыз инвестицияларын өндіріп алғысы келеді. Бұл әкімдік заңсыз берген барлық жер учаскелері жобаларға байланысты", – деді депутат мәжіліс отырысында.
2017 жылғы 1 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы әкімдігіне әл-Фараби даңғылы, 71 мекенжайы бойынша жер учаскесінің шекараларын түзету туралы өтінішпен жүгінген. Жалпы ҚазҰУ өз аумағын бір гектарға – 73,2-ден 72,1 гектарға дейін қысқартуды жоспарлаған еді.
Еске салсақ, Құлыбаевтың компаниясына заңсыз берілген ҚазҰУ аумағындағы жер қайтарылғаны туралы хабарлаған едік.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
