Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Бекмамбетов интернетте атышулы реалити-шоу ұйымдастырмақ

Наурыз айынан бастап көрерменге виртуалды өмір туралы жаңа реалити-шоу жол тартпақ. Жоба ұйымдастырушыларының талабы бойынша қатысушылар ақшасыз, өте аз ақша және аз киім-кешекпен жабық бөлмеге кіргізіледі. Орындалған тапсырма үшін бонустарды көрермендер ұсынып отырады. Бұл онлайн-шоу режимінде жүргізілмек.

73300

Сурет kino-teatr.ru сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жобаның негізгі серіктестері – RuTube пен “ВКонтакте” әлеуметтік желісі. Өзге жобалардан айырмашылығы бұл реалити-шоу интернет арқылы шығады.

“Біз о баста телеарнадан шығарсақ деп ойлағанбыз, кейін бірақ, интернет арқылы жүргізуді жөн деп таптық. Жоба толықтан интерактивті, көрермендердің дауысы маңызды рөл атқармақ”, – дейді жоба продюсері Мария Затуловская.

Ал жобаны “Баезелевс” қаржыландырмақ. Алайда продюсер инвестиция көлемін айтпады.

“Баезелевс” – Ресейдегі ең ірі кинокомпанияларының бірі. Компания мемлекеттен қаржыландырылатын бірегей ұжымдар қатарында.

Бекмамбетов онлайн өмір сюжетіндегі жобалармен бұрыннан айналысып келеді. Өткен жылы “Базелевс” “Достықтан өшіру” фильмін түсірген. Аталмыш картинада негізгі әрекеттердің барлығы компьютер экранында өтеді. Фильм әлем бойынша 64 миллион доллар жинаған.

“На экране” деп аталатын бұл реалити-жоба сегіз аптаға жалғасады. Сегіз қатысушы жоба барысында шынайы өмірлерін толықтай дерлік виртуалды өмірге ауыстырады. Жоба басталар алдында оларда өте аз көлемде ақша мен киім және су, тамақ болады. Бірақ, ақша жоқ. Ақша табу үшін қатысушылар интернет арқылы көрермендердің тапсырмаларын орындаулары керек. Әр апта сайын дауыс берудің нәтижесінде бір қатысушы ойыннан шығып қалып отырады.

Ал Ресейдегі медиакомпания өкілдері, мұндай жобаның Ресейде бұрын болмағанын, әрі қомақты ақша жинау үшін 10 миллион адамдық аудитория болу керек деп есептейді.

“Рунет аудиториясы мұндай шоуға дайын. Бірақ, шығынның орынын толтыру үшін бәрібір телеарналардың қатысқан дұрыс болар еді”, – дейді CTC Media трансмедиалық жобалар департаментінің директоры Алексей Пивоваров.

Талқылау