Тимур Алиев Рамазан кезінде қазақстандық ерлер жиі жіберетін қателікті атады

Имам Тимур Алиев қазақстандық ер адамдарға Рамазан айында ауызашарды отбасы мүшелерімен – жұбайы және балаларымен бірге өткізуге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Имамның айтуынша, бұл отбасылық қарым-қатынасты нығайтады.
“Рамазанда бауырлар бірін-бірі ауызашарға жиі шақырады. Кафелерде, үйлерде жиналады. Болмаса, мешіттердегі ауызашарларда уақыт өткізеді. Ал осы кезде отбасы назардан тыс қалып жатады. Сырттай қарағанда мәселе үлкен емес, күйеуі харам нәрсе істеп жүрген жоқ. Бірақ маған әлеуметтік желідегі жеке хаттарға әйелдерден осы жайлы өте көп сұрақ келеді – бұл олардың жанайқайы”, – деді Тимур Алиев.
Ол ер азаматтарды халал дәмханадан үстел брондап, ауызашарды жұбайы және балаларымен бірге өткізуге шақырды.
“Маған сеніңіздер, бұл сіздердің арақатынастарыңызға жақсы әсер етеді”, – деді имам.
Қазақстан мұсылмандары үшін биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталды. 16-сынан 17-сіне қараған түні Қадір түні өтеді. Ал 20 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Айта кетейік, бұған дейін имам өзгенің жеке хатын тарату харам екенін айтқаны хабарланған еді.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?