"Тілалғыш, жұмсақ қыз емеспін": Сейфуллин Жолбарыстың жары енесімен болған қиындықтары жайлы
Сейфуллин Жолбарыстың жары енесімен қарым-қатынасына қатысты сауалға жауап берді. Екатерина Лилуя еркін қыз болып өскендіктен, екінші анасымен тіл табысу оңайға соқпағанын айтады. Алайда өзі де "мінезді қыз" болғанын жасырмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оған да менімен оңай болмаған шығар. Өйткені мен тілалғыш, жұмсақ қыздардың қатарынан емеспін. Ара-тұра көрсетіп тұратын "тістерім" бар", - деді Екатерина Лилуя Instagram-дағы оқырманына берген жауабында.
Сондай-ақ, Екатерина Лилуя жағымсыз пікір жазып, көңілін түсіретін хейтерлерге пост арнады. Ол бұдан былай жеке шекарадан аттап, бейәдеп сұрақ қоятындарды бұғаттайтынын ескертті. Және ешқандай сұраққа жауап бермейтінін кесіп айтты.
"Қоғаммен Сейфуллиннің жары ретінде араласа бастағалы менің жеке шекарамды бұзатын, орынсыз, бейәдеп сұрақтарға жауап беріп келдім. Төзімді болдым. Бірақ қазір ойласам, адамдар тек көргісі келгенді көреді екен", - деді Екатерина.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан