Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok жұлдызы жасанды интеллект арқылы егізін жасауға келісім беріп, 1 миллиард доллар табыс тапты

 Хаби Лейм өз образын саттыФото: AP Photo

Үнсіз реакцияларымен танымал Сенегалдан шыққан TikTok жұлдызы Хаби Лейм контент жасаушылар тарихындағы ең ірі мәмілелердің бірін жасады. Мәміле сомасы 975 миллион доллар (485 миллиард теңге) деп бағаланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tell News Magazine-ге сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тағы Rich Sparkle Holdings компаниясы үш жылға блогердің зияткерлік меншігін пайдалануға эксклюзив құқық сатып алды. Бұл құқыққа оның жасанды интеллект (AI) негізіндегі егізін жасау да кіреді.

Маңызды жайт – Хаби Лейм бұл келісімнен бір реттік төлем алып қана қоймай, Rich Sparkle Holdings компаниясының бақылаушы акционері атанып, ықпалды креатордан корпоративтік ойыншыға айналып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, мәміленің құрылымы да, ауқымы да революциялық сипатқа ие. Қысқа мерзімді демеушілік келісімдер немесе бір реттік төлемдердің орнына Лейм компаниядағы үлеске ставка жасап, ұзақ мерзімді бақылау мен масштаб дәстүрлі инфлюенсерлік табыстан да жоғары пайда әкеледі деп есептеген.

Басылымның мәліметінше, Леймнің жолы әлеуметтік желідегі табыс ережесін қайта жазды: COVID-19 пандемиясы кезінде Италиядағы зауыттан жұмыстан қысқартылған азамат бүгінде TikTok-та 160 миллионнан астам жазылушысы бар ең танымал креаторға айналды. Сөзсіз-ақ түсінікті минималистік контенті оған әлемдік брендтермен әріптестікке жол ашқан.

Компания болжамына сәйкес, Леймнің аудиториясы әлеуметтік желілердегі сатылымды белсенді дамыту, лицензиялау және AI қолданылатын контент арқылы жылына 4 миллиард доллардан (2 триллион теңге) астам айналым әкелуі мүмкін.

Мәміле жарияланғаннан кейін қаржы нарығы да бірден реакция танытты: Rich Sparkle Holdings акциялары бір сауда күні ішінде 250% астам өсті.

Айта кетейік, бұған дейін Дэвид пен Виктория Бекхэмнің тұңғыш ұлы әйелі үшін ата-анасымен қарым-қатынасын үзгені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 26 Қаңтар, 2026 12:22