Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok, YouTube және Snapchat желілеріне қатысты тергеу басталды

TikTok, YouTube және Snapchat желілеріне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Reuters

Еуропалық одақ өз азаматтарына жалған жаңалықтар мен өзіне зиян келтіруді насихаттайтын контенттердің ұсынылуына байланысты әлеуметтік желілерге тергеу бастады.

Енді TikTok, YouTube және Snapchat желілері Еуропалық комиссияның видеоларды ұсыну алгоритмдерінің қалай жұмыс істейтіні туралы сұрақтарына жауап беруі керек.

“Одақтың цифрлық қызметтер туралы заңы (DSA) бойынша жүргізілген тергеу адамдарға неліктен сайлауға қатысты жалған жаңалықтарды немесе депрессия мен нашақорлықты дәріптейтін контент ұсынылатынын түсінуге бағытталған” – делінген ресми хабарламада. 


"Тыйым салыңыздар": Белгілі блогер ата-аналарды балаларға YouTube-тағы видеоларды көрсетпеуге шақырды


Комиссия видеоларды автоматты ойнату және шексіз айналдыру сияқты мүмкіндіктердің әсерін, зиянды контенттің таралуын болдырмау үшін платформалар қандай сақтық шараларын қолданатынын зерттемек.

15 қарашаға дейін тиісті құжаттарды ұсынбаған немесе жалған ақпарат берген желілерге Еуроодақ заңы бойынша айыппұл салынады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда TikTok желісіне кіретіндердің жасын шектеу ұсынылған еді.

Талқылау