Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Тіктіріп үлгермей жатырмын": Гүлзира Айдарбекова сахнада костюмін сыйлап жіберетін Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірді

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың тыңдарманға сыйлық беретініне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Айта кетейік, Қайрат Нұртас ақтөбелік жанкүйеріне костюмін сыйлаған еді. 

“Барша аналарды үміт артқан ұл-қыздары бақытқа жеткізсін! Жанкүйерлерге костюмдер де, көзілдіріктер де кетіп жатыр. Мен болсам, тіктіріп үлгермей жатырмын. Алдағы концерттерге де біраз киім тіктіру керек болып тұр. Бірақ тігіншіміз ауырып қалды. Көз тиген сияқты. Ең бастысы, сыйлық бұйырған жандарға жұғысты болсын”, – деп жазды продюсер. 



Арт-директор одан кейін оқырмандарын тағы бір жақсы жаңалықпен қуантты. 

"Бұрын-соңды бізде болмаған, алғашқы продукцияны өз брендіммен бастауға шешім қабылдадым", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың туған күніне алтын алқа берген еді.  

 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 01 Сәуір, 2025 13:23
Талқылау