Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Tik-Tok-та жарнамаланған дәріні ішкен шымкенттік әйел өлім аузынан аман қалды

Қан қысымын түсірмек болған Шымкент тұрғыны Tik-Tok желісінде жарнамаланған дәріні ішіп, өлім аузынан аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтем жасап хабарлайды.

Видеодан скрин

50 жастағы әйел сірке суы қосылған күмәнді препаратты базардан сатып алған екен. Соның салдарынан денесі бөртіп, арқасын күйік шалған. Ақыр соңында дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келіпті.

Ол екі айдан бері қан қысымы көтеріліп, мазасы кеткен екен. Өзін жайсыз сезінген 50 жастағы әйел емдеудің жолдарын әлеуметтік желіден іздегенін айтады. Тіпті, тик-ток желісіндегін жарнамаға сеніп, базардан дәрі сатып алдым дейді. Құрамында сірке суы мен зімбір барын біле тұра тәуекелге барған тұрғын күмәнді препаратты бірнеше күн ішкен.

"Күніне 1 үлкен қасыққа толтырмай іштім. Өзім "тик-токтан" көрдім. Магазинді көрдім. Давлением түспей қойған соң іштім. Ішкен едім, давлениеме көмектесті. Екі айдан кейін осы басталды. Бірінші басым қышыды, денем қышыды. Қолдарым шықты. Ал ертесіне система салып болған соң күшейе бастады ғой бәрі”, – дейді әйел.

Әйелдің ішкі құрылысы сау болғанымен денесінің бәрі бөртіп, кей жерлерін күйік шалған. Tik-Tok жарнамаланған дәріні бір ай бойы ішкен ол ақыры ауруханаға түсіп, өлім аузынан қалған екен. Ал дәрігерлер мұндай диагнозбен түскен науқастардың 90 пайызы аман қалмайтынын айтады.

"Жалпы мен дәрігер ретінде айтайын дегенім: осы интернет арқылы, әлеуметтік желі арқылы, соның ішінде тик-ток арқылы көптеген дипломы жоқ құр мамандар осы түрлі ауруларды емдеу бойынша нұсқаулар береді. Кейде қандай дәрі ішу керектігін де айтып жатады. Осыдан зардап шегіп жатқан науқастар өте көп. Дәрігер ретінде айтарым ондайға сенбеу керек”, – дейді № 2 Шымкент қалалық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов.

10 күн жансақтау бөлімінде жатқан әйел бүгін ғана қозғала бастаған. Оның ауруханадан қашан шығатынын әзірге белгісіз. Желідегі кеңес кесірінен денсаулығымды құрттым деген келіншек басынан өткен оқиғаны өзгелерге сабақ болсын деп айтқанын жеткізді.

Еске салсақ, Павлодарда оқушыны TikTok-қа видео түсіргені үшін ұрған мұғалім жұмыстан шығарылған еді.

Талқылау