Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тиімді зат сатып алу, жеңілдіктер және жоғары бонустар: Ақпан айындағы Kaspi Жұманың жарқын сәттері

Ақпан айындағы Kaspi Жұма тағы да тиімді ұсыныстарымен қуантты. 12–15 ақпан аралығында төрт күн бойы Kaspi-дің серіктес дүкендері 50%-ға дейінгі жеңілдіктер мен жоғары бонустар ұсынды. Мыңдаған қазақстандықтар киім жаңартып, сыйлықтар таңдап, қажетті техниканы сатып алып, Қазақстан ішінде және шетелге турлар рәсімдеді.

Қазақстандық Qazaq Soul бренді этникалық нақыштағы, ерекше өрнегі бар бірегей бұйымдар жасайды. Ал ұлттық ою-өрнегі заманауи стильмен үйлескен Asyl премиум коллекциясы ерекше мақтанышқа себеп. Табиғи былғарыдан жасалған сөмкелер, әмияндар, төлқұжат қаптары және өзге де аксессуарлар Kaspi Жұмаға арнайы дайындалған. 

каспи

"Kaspi.kz-пен 4 жылдық серіктестік бізге өсуге үлкен мүмкіндік берді. Онлайн сатылымдарымыздың 50–60%-ы Kaspi арқылы өтеді. Сатып алушыларға онлайн сауда мен тегін жеткізу ұнайды. Офлайн-дүкенге көбіне тауарды көріп, өлшеу үшін келеді. Kaspi Жұма кезінде сатылым 30–40%-ға өседі. Қазақстанның бес қаласында сату нүктелері мен  жаңа жұмыс орындарын аштық. Кәсіпкерлердің тауар айналымының артуы – ел экономикасына қосылған үлес. Сонымен қатар Kaspi-де Alipay арқылы төлеу мүмкіндігі бар, бұл шетелден келетін клиенттер санын көбейтті. Олар көбіне шетелде жүрсе де, Отанымен байланысын сақтағысы келетін қазақстандықтар", — дейді Qazaq Soul сату бөлімінің жетекшісі Динара Бектемір.

Динара Бектемір

"Жемчужина" зергерлік салондары желісі де сату географиясын кеңейтіп келеді. Қарағандыда өндірілген авторлық алтын және күміс әшекейлер Kaspi Жеткізу арқылы бүкіл Қазақстан аумағына тарайды.  

каспи

каспи

"Kaspi Жұма арқасында бизнесіміздің географиясы кеңейді. Адамдар Kaspi Жұманы біледі және сенеді: ірі әшекейлерді, саны шектеулі топтамаларды жиі сатып алады. Осы кезеңде сатылым көлемі 15–20%-ға өседі. Бұйымдарды тойға, мерейтойға, сырға салуға, туған күнге алады. Көптеген маңызды сәттер зергерлік әшекей арқылы есте қалады", – дейді "Жемчужина" бөлшек сауда желісінің директоры Эльвира Борзилова. 

Эльвира Борзилова

Tau House отбасылық демалыс кешенінің қонақүйі, мейрамханалары, SPA орталығы және таза тау ауасы алғашы минуттардан-ақ өзіне баурап алады. 

 

2025 жылдың сәуірінен бастап мини-курортқа Kaspi Travel арқылы брондауға болады. Kaspi-мен серіктестік брендтің танымалдылығын айтарлықтай өсірді, дейді мұндағылар. 

"Kaspi Travel — ыңғайлы, ауқымы кең және сенімді платформа. Брондау процесі жеңілдеді. Біз туралы бұрын білмеген қонақтар келіп, кейін қайта оралады. Kaspi Жұма кезінде демалысты кейінге қалдырып жүргендер тур сатып алады. Географияның кеңеюі ішкі туризмге серпін береді. Бұл керемет, өйткені біздің Қазақстанымыздың тамаша жерлерін көзбен көруге мүмкіндік бар. Айта кетейін, Kaspi Жұма кезінде Kaspi Travel арқылы брондаған қонақтарға негізгі тарифпен 10% жеңілдік ұсынамыз", – дейді Tau House атқарушы директоры Варвара Менжулина.

Варвара Менжулина

Be Fine қонақүй кешені де бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесінде шет қалмады. Kaspi Жұма қарсаңында қонақүй қонақтарына тосынсый  әзірледі.

"Kaspi Жұма мен Kaspi Travel арқылы брондаған қонақтарға сыйлықтар жасаймыз. Мұндай демалыстың басталғанын әлеуметтік желілерде хабарлаймыз. Түрлі өңірлерден келетін қонақтар саны артты. Олардың барлығы Kaspi.kz қолданушылары. Бізге басқа қонақтар қалалардан көптеп келе бастады", – дейді Be Fine менеджері Батима Қайратқызы.

Almaty Resort-та тек демалыс қана емес, санаторийлік емдеу мен сауықтыруды да ұштастыруға болады. 

"Kaspi Travel – қонақтар үшін ыңғайлы, экранды бір рет қана басып сатып алу мүмкіндігі бар, бұл біздің клиенттерімізбен өзара  әрекетімізді жеңілдетеді. Әртүрлі өңірден келетін қонақтар көбейіп келеді. Бұл ішкі және сауықтыру туризмін дамытуға жақсы серпін береді", – дейді Almaty Resort  басқарушы директоры Еркеғали Серікжан.  

Еркеғали Серікжан

Kaspi Жұма денсаулыққа да қамқорлық жасаудың жақсы мүмкіндігін ұсынады. Еліміздегі әйелдерге арналған Ya ең ірі фитнес-студиялары желісі абонементтерді арнайы шартпен ұсынды. Ол арқылы үш айлық пакеттерді жеңілдетілген бағамен сатып алып, 60 мың теңгеге дейін үнемдеу мүмкіндігі пайда болды. 

"Әйелдер бізге денсаулығын жақсарту үшін келеді. Kaspi Жұма – үлкен мүмкіндік кезеңі. Бұл кезде келушілер саны көбейеді әрі абономенттерді тиімді бағамен сатып алуға жақсы мүмкіндік бар", – дейді маркетинг директоры Томирис Қандықазақова. 

Томирис Кандықазақова

Серіктес дүкендерде сатып алушылар легі науқан басталмай тұрып-ақ көбейеді. Адамдар тауарларды алдын ала қарап, зерделеп шығып, Kaspi Жұма кезінде ең тиімді бағамен, жеңілдіктермен және жоғары бонустармен сатып алу үшін қайта келеді. Көбіне офлайн таңдаудан кейін тапсырысты онлайн рәсімдеп, тегін жеткізуді пайдаланады.

"Немерем музыка мектебіне барады, сабаққа пианино қажет болды. Біз Kaspi Жұманы пайдаланып оны жақсы жеңілдікпен алдық, ал берілген қосымша бонусқа шаңсорғыш сатып алдық. Kaspi Жұма кезінде заттарды онлайн рәсімдедік. Бұл тиімді. Оған қоса жылдам, тегін жеткізіп берді. Kaspi Жұма биыл бізге ерекше болды", – дейді Ләззат Өмішева. 

Ләззат Өмішева немересімен

"Жалпы, баршаға Kaspi Жұманы пайдалануды ұсынамын, өйткені бұл өте тиімді. Мысалы, біз қазір жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, бәрі қажет. Бүгін кір жуғыш машина мен кептіргіш алдық, тағы да пісіру панелі бар", – дейді сатып алушы Динара Бекбатырова.

Динара Бекбатырова

"Kaspi Жұма бізде өте белсенді өтеді, тауар айналымы шамамен 80%-ға артады. Сонымен қатар, Kaspi Жұмада белгілі бір тауарларға жеңілдіктер жасаймыз. Клиенттер мысалы техниканы көп сатып алғысы келса, дәл Kaspi Жұма кезінде келеді. Онлайн тапсырыстар саны артып келеді. Ал офлайн дүкендерге клиенттер тауарды көріп, қолмен ұстап байқап, кәсіби кеңес алу үшін келеді", – дейді Mechta.kz супервайзері Айгүл Бейсенова.  


Айгуль Бейсенова

Kaspi Жеткізу қызметінің курьерлері еліміздің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған мекенжайға зат жеткізеді. Kaspi Жұма кезінде жұмыс күні әдеттегіден ертерек басталады.

Жеткізу қызметтері жұмысқа қосымша қызметкерлерді алып, логистиканы мұқият жоспарлайды.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін бүкіл ел аумағында 10 мыңнан астам Kaspi Postomat орнатылған.

"Клиенттердің басым бөлігі Kaspi Postomat-қа жеткізуді таңдайды. Жәй күндері мен 20 Kaspi Postomat-ты толтырамын, ал Kaspi Жұма кезінде 35–40-қа дейін барамын. Бұл әрі сатып алушыларға, әрі курьерлерге де ыңғайлы. Бізге көптеген жеке мекенжайларға барудың қажеті жоқ – барлық тапсырысты бір нүктеге жеткіземіз. Бұл ары-бері жүріс санын қысқартады, сәйкесінше жолдардағы кептеліс те азаяды", – дейді Irbis Logistics компаниясының курьері Айбек Оразақын. 

Айбек Оразақын

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Kaspi Жұма бұл – сауда көлемі артып, географияны кеңейту, бизнесті ауқымдау және бүкіл ел деңгейіне шығу мүмкіндігі. Қазақстан экономикасы үшін – бұл тиімді зат сатып алу мерекесі, ол экономикалық өсімнің драйвері болып, бюджетке салық түсімдерінің артуына және сауданың дамуына ықпал етеді. Ал тұтынушылар үшін Kaspi Жұма – қажетті әрі пайдалы тауарларды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігі.

Фото: Николай Судаков, Алишер Молдахметов, Ануар Машбаев

ҚР Каржы нарыгын жане каржы уйымдарын реттеу мен кадагалау агенттігі берген Nº 1.2.245/61 лицензия

STAN.KZ
Жұма, 20 Ақпан, 2026 16:31