Әнші The Kitchen songs "интимді" хаттар жазды деп хабарлаған қызды сотқа беріп, 100 мың теңге өндіріп алды
Фото: https://www.instagram.com/thekitchensongs/
The Kitchen songs лақап атымен танылған әнші Азамат Сыздықов өзін қаралаған қыздарды сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өткен жылдың қараша айында әнші интимді хаттар жазды деп даудың ортасында қалған еді. Ол қыздарға “Пәксің ба?”, “Қыздығыңды беруге дайынсың ба?” деген хаттардың скрині желіге тараған еді. Одан кейін хат алмасуды құпия сақтауды өтінген.
Өнер иесі оқиғаны арандатушылық, “хайп” деп атады. Жақында Сыздықов жанжал туралы жазба жариялаған Мейірім Кәрібаеваның үстінен арыз жазған.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Сыздықовтың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау, моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы бойынша істі қарады.
“Талап қоюшы жауапкердің TikTok қосымшасындағы "W" лақап атымен, анық емес және нұқсан келтіретін мәліметтері бар бейнеролик жариялағанын, онда талап қоюшының беделін түсіруге бағытталған хэштегтер, сондай-ақ ол жазған музыка қолданылғанын көрсетті. Сондықтан сотқа жауапкерді жарияланымды алып тастауға және шындыққа сай келмейтін мәліметтерді жоққа шығаруға міндеттеу туралы талап қойылды. Әлеуметтік желіде жазба жариялағаны расталды. Филологиялық-психологиялық зерттеудің сараптамалық қорытындысында талап қоюшы оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жағымсыз сөздер бар екендігі дәлелденді”, – делінген соттың хабарламасында.
Ұсынылған дәлелдемелер мен сарапшының қорытындысын ескере отырып, сот Мейірім Кәрібаваға анық емес ақпаратты теріске шығару бойынша айып тағып, 100 мың теңге мөлшерінде моральдық зиян өтеу туралы шешім шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
