Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тест: Мінезіңіз жайлы қолыңыз не айта алады?

Адамның өзін-өзі тануға деген талпынысында шек жоқ. Адам қолын зерттеумен айналыстан америкалық ұйым басшысы Кэй Паккард алақанымыздың мінезіміз жайлы ақпарат бере алатынын айтады. Ол хиромантия емес. Ұйым мамандары өз зерттеу жұмыстарының негізінде адам қолындағы әр саусақтың өзіндік мағынаға ие екендігі жайлы тұжырым жасады.

vilgelmtell

Stan.kz назарларыңызға зерттеушілер тұжырымын ұсынады.

1. Қай қолыңыздың күшті екендігін анықтаймыз

Мұнда бәрі оңай: не оңқай, не солақайсыз. Басымдыққа ие қолыңыздағы алақыныңыз бен саусақтарыңыз іскерлік және тұлғалық қасиеттеріңізді аңғартады. Ал екінші қолыңыздағы саусақтарыңыз үйдегі және жақын адамдармен қарым-қатынастағы мінез-құлқыңызды білдіреді.

2. Күшті және әлсіз саусақтарды анықтаймыз

Слайд2

Әр адамның күшті және әлсіз саусақтары болады. Белгілі бір саусақтар қаншалықты күшті болса, мінезіңіздің кей тұстары соншалықты байқалады. Егер саусағыңыз бір жаққа не сыртқа қарай қисайған болса, кей қызметтерді атқара алмаса, онда әлсіз болғаны. Егер саусақ ұзын, түзу болса, күштілігінің белгісі.

  • Күшті бас бармақ – мамандығыңызда жетістіктерге ұмтылудың белгісі.
  • Күшті сұқ саусақ – билікке құмарлық, күш пен алғырлық.
  • Ортан терек – жауапкершілік, ісін соңына дейін жеткізу, өзіне сенімділік, кемелдену мен даналық.
  • Шылдыр шүмек – шығармашылық, өз ойын білдіру.
  • Шынашақ – қарым-қатынас құру қабілеті.

Мысалы: күшті бас бармақ пен ортан шүмектің үйлесімі өз қызығушылықтарын ғана қанағаттандыруға тырыспайтын, ісіне тыңғылықты, жауапкершілігі мол, өз мамандығының шебері екендігіңізді аңғартады.

3. Саусақ ұштарының пішініне назар аударамыз

Слайд1

  • Дөңгелек пішінді саусақ айналаңыздағылармен келісушілікте өмір сүруге деген ниетіңіщ бен адамдардың құптамауынан қорқатындығыңызды білдіреді.
  • Шаршы пішінді және жалпақ саусақ – нақтылыққа ұмтылыс пен екіұштылыққа деген жағымсыз көзқарас.
  • Күрек пішінді саусақ – сонылықты ұнату, жалықтыратын, қайталанатын жұмысты жек көру.
  • Үшкірленген пішінді саусақ – ерекше және тылсым дүниелер үшін әдеттегі істерден бас тартуға дайын тұру.

4. Саусақтар арасындағы алшақтыққа назар аударамыз

Қолыңызды тегіс жерге қойыңыз.

20601365-2-0-1482245715-1482245726-650-9ef4c38e4c-1-1482755419

  • Егер саусақтарыңыздың арасындағы алшақтық үлкен болса, сіз – еркін және жаңалықтарды ұнататын адамсыз.

20601215-3-0-1482247816-1482247824-650-9ef4c38e4c-1-1482755419

  • Егер саусақтарыңыз бір-біріне жақын орналасса, сақ және жиі ойға берілетін адамсыз.

20601265-4-0-1482253036-1482253044-650-9ef4c38e4c-1-1482755419

  • Егер ортаңғы саусақ пен шылдыр шүмегіңіз бір-бірінен алыс орналасса, өзгенің ықпалына беріле бермейсіз. Ал аталған екі саусақ арасындағы қашықтық жақын болса, ел үмітін ақтауға бейімсіз және қоғамдық тәртіпке бағынасыз.

20601115-5-0-1482254119-1482254382-650-9ef4c38e4c-1-1482755419

  • Шылдыр шүмек пен шынашақ арасындағы алшақтыққа қараңыз. Егер алыс орналасса, маңызды әңгімелер мен күрделі шешімдерден қашқақтайсыз. Оның салдары үйіңіз бен қызметіңізде көрініс береді. Егер араларындағы қашықтық орташа болса, еркін ойлайтын, тәуекелге жиі баратын жан екендігіңізді аңғартады.
Талқылау