Терроризмді насихаттап түрмеге отырған алматылық бұрынғы діни ұстаздарымен соттаспақ
Алматы қаласының тұрғыны бір кездері терроризмнің дамуына өз септігін тигізгенді. Ол осы ісі үшін жазаланып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Абылайхан Чалимбаев орталық ұсынған кітапқа бола таза жолдан адасқанын айтып жатыр. Азамат сөз етіп отырған басылым Қазақстан аумағында осы күнге дейін еш кедергісіз кітаптарын таратып келген.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
42 жастағы Абылайхан мырза өмірінің 5 жылын түрмеде өткізді. Ол алғаш рет 2003 жылы мешітке бара бастаған екен. Сол жердегі адамдар арқылы «Әл-Барақат» білім орталығына шақырту алған. Діни білімі жоқ азамат ешнәрседен қорықпай барған. Оның үстіне ол сөз етіп отырған орталық ресми жұмыс істеген. Діни ұстазады Абылайханға «Тәфсір Саади» атты кітапты берген екен. Ол осы кітапты күнде туған-туысқандарына, отбасына оқып беретін болған. Бір күні оның қонақтарының бірі құқық қорғау органдарына хабарласып, Абылайханның үйінде тінту жүргізеді. Нәтижесінде оның теріс ағымды насихаттап келгені анықталады.
«Соттаған кезде «Әл-Баракат» орталығында оқығаным туралы айта бастадым. Құқық қорғаушылар осы орталықты толықтай тексерулері керек еді. Ол болса «Сен тек мен қойған сұрақтарға жауап беруің керексің. Артық әңгіменің қажеті жоқ» деп қысқа қайырып отырды», – дейді Абылайхан мырза.
Ол әлгі кітап болмағанда 5 жыл түрмеде отырмас едім деп ойлап отыр. Десе де, «Тәфсір Саади» кітабының расымен де теріс жолға түсіретіні анықталып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Синоптиктер сәуір айының ауа райы болжамын жасады
Атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуов тағы істі болды
Алматы облысында қытайлық кәсіпкер мен Қазақстан азаматтары соттасып жатыр
Жолаушы метрода сүйіскен жігітті балағаттап, вагоннан теуіп түсірді