Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Терісі тірідей сыпырылған иттің суретін жариялаған жігіт болған жайтты айтып берді (видео)

Терісі тірідей сыпырылған иттің суретін жариялаған тараздық Ұзақбай Бақтыбай фотоның қайдан алғанын және өз итінің тірі екенін сендірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

photo_27041 (1)

Бұған дәлел ретінде ол 23 маусымда түсірілді деп бір видео жолдап отыр.

Бұған дейін белсенділер иттің терісін сыпырып, денесін мазақ еткен қатыгезді жазалауды талап еткен болатын.

Оның айтуынша, жантүршігерлік сурет оған WhatsApp мессенджерінде келген, сөйтіп ол суретті Вконтакте желісіне салыпты. “Бұл менің итім емес, бұл тіпті ит те емес. Менің Малыш деген итім тірі, қазір үйімде. Мені қорлап жатқандардың барлығына бүгінгі мерзім көрсетілген видеоны түсірдім, – дейді 24 жастағы Бақтыбай.

“Ақ ит жайлы айтып отырмын, ол үйімде, Оның Малыш деген аты бар. Ал екінші қоңыр питбуль де тірі, мен оны бір апта бұрын Алматыда 500 долларға сатып жібергенмін, сатып алушының байланыс номерін де бере аламын. Менің итім көп, барлығының жағдайы жақсы”, – деді ол.

Жігіт желіде өзіне қатысты айтылып жатқан жағымсыз пікірлерге наразы. Суреттің қайда, қандай жағдайда түсірілгенін ол білмейді екен. Бақтыбайдың айтуынша, ол сурет авторының кім екенін білмейді.

Талқылау