Тергеуші мәйіттермен секске түсетін қылмыскерді қалай ұстағанын айтып берді
Белгілі қырғызстандық публицист, отставкадағы милиция полковнигі Александр Зеличенко қыздың мәйітін 30 жыл бойы сақтаған некрофилді қалай ұстағанын айтып берді.
Фото: Азамат Тотубаев
Бұл туралы Sputnik Кыргызстан хабарлайды.
Некрофил (мәйітпен жыныстық қатынасқа түсуші) Миахил Лукьянов туралы Кеңестер Одағы дәуірінде дақпырт көп еді. Қылмыскер жақында жерленген қыздардың мәйітін қазып алып, солармен жыныстық қатынасқа түскен. Лукьяновты Мәскеуден келген жансыздардың өзі қолға түсіре алмапты.
Арнайы сақшылар зираттардың басында түнеп жатқан. Түнгі уақытта ауыл зираттарының маңайын торуылдайды. Бірақ ол тек 1995 жылы ғана ұсталды. Өзінің алғашқы қылмысын 46 жастағы Лукьянов 1968 жылы жасайды. Сол уақыттан бері ол Қырғызстан, Қазақстан, Ресейдегі зираттарды аралаған.
“Ол өзімен бірге әртүрлі жарақтарын, қазғыш күректерін алып жүретін. Зираттарды аралап жаңадан жерленген қыздардың мәйітін қазып алатын. Қылмыскер өте қарулы, күшті болған. Оны сол уақытта бригада-бригада болып мамандар іздеп жүретін. Оны қолға түсіретін кезде жаңбыр қатты жауып, өте қиын жағдайға қалғанбыз. Оны тергеу ұзаққа созылды. Ақырында 10 жылға соттады. Кейін ол түрмеде асылып өлді,” – дейді Зеличенко.