Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дубайдағы жарыстың жұптық сынында сенсациялық нәтижені тіркеді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева чехиялық Линда Носковамен бірге Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға сенсациялық түрде шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Jimmie48 Photography, WTA

Путинцева Dubai Duty Free Tennis Championships 2025 турнирінің жекелей сынында жарысты алғашқы айналымында аяқтады. Оны дәл осы Носкова екі сетте жеңіп, жарыстан шығарған еді. Алайда жұптық бәсекеде олар қытайлық Ван Синь Юй мен Чжэн Сайсайды тізе бүктірді. Ал келесі айналымда екінші нөмірлі дуэт – канадалық Габриэлла Дабровски мен австралиялық Эрин Рутлиффпен кездесті.

Бірінші сетте канадалық-австралиялық фавориттер өз мықтылығын дәлелдеп 6:4 есебімен жеңді. Алайда екінші сетте Путинцева мен Носкова 1:1 есебінен кейін қатарынан үш гейм ұтып, сенімді ойынын жалғастырып, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матч есебі теңесіп, ширек финал жолдамасы супер тай-брейкте шешілді. Мұнда әрбір доп шешуші рөл атқарады, алғашқы болып 10 ұпай жинаған жұп жеңіске жетеді.

Бұл кезеңде Путинцева-Носкова жұбы фавориттерді толықтай басып озды. Ойынды 4:0 есебімен бастап, тартысты кездесуде 10:2 нәтижесімен сенсациялық жеңіске жетті. Осылайша, Юлия мен Линда 1/4 финалға жолдама алды. Енді бүгін олар қытайлық Сюй Ифань мен Чжаосюань Янмен кездеседі.

Талқылау