Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк теңгенің айналымға шығатын жаңа үлгідегі банкноттарын көрсетті

тенгеФото: Ұлттық банк

Ұлттық банк теңгенің қандай банкноттары айналымнан шығып, қай банкноттар айналымға түсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сонымен, бүгінгі таңда 10 000, 2 000 және 1 000 теңгенің  жаңа дизайндағы банкноттары шыққан.  

Ұлттық банктың хабарлауынша, ескі және жаңа банкноттардың айналымда болуы уақыттары:
2 000 теңгенің айналымда болу уақыты- 2026 жылғы 24 мауымға дейін;
10 000 теңгенің айналымда болу уақыты - 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
1 000 теңгенің айналымда болу уақыты - 2027 жылғы 27 наурызға дейін белгіленген.

Қазақстанда сондай-ақ жаңа үлгідегі екі банкноттың айналымға шығарылуы да жоспарланған. 

"Жаңа үлгідегі 500 теңгенің банкнотын 2025 жылғы төртінші жартыжылдықта, 20 000 теңгенің банкнотын - 2026 жылы айналымға шығару жоспарланған", - делінген ақпаратта.

Бес жүз теңгенің жаңа банкноттары мынадай:

теңгеФото: Ұлттық банк

500Фото: Ұлттық банк

Жиырма мың теңгенің жаңа банкноттары мынадай:

тенгеФото: Ұлттық банк

тенгеФото: Ұлттық банк

Бұдан басқа, Ұлттық банк 24 қыркүйектен бастап 5 000 теңгенің ескі және жаңа банкноттарын бірдей қолдану тоқтатылатынын хабарлады. 

"Бұл ретте 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банктер және Қазпошта ескі банкноттарды жаңасына үш жыл ішінде, Ұлттық банк мерзімсіз ауыстырады ", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Ал бес мың теңгенің жаңа банкноттары мынадай болады:

бес мыңФото: Ұлттық банк

бес мыңФото: Ұлттық банк

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 16:30
Талқылау