Теңге бағамы құлдырап барады: Айырбастау орындарында доллар 551 теңгеден сатылып жатыр

Сәрсенбі, 30 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда барысында доллар бағамы 551 теңгеге дейін көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kurs.kz қызметінің мәліметінше, 30 шілде күні сағат 13:50-дегі жағдай бойынша, айырбастау пункттеріндегі доллардың теңгеге шаққандағы бағамы мынадай:
- Астанадағы ақша айырбастау орындарында бір доллар 542-544 теңге аралығында сатып алынып, 549-551 теңге аралығында сатылып жатыр.
- Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сатып алу бағамы 542-546 теңге аралығында белгіленсе, сату бағамы 546-550 теңге аралығында белгіленген.
- Шымкенттегі ақша айырбастау пунктерінде доллар 543-545.5 аралығында сатып алынып, 546-549 теңге аралығында сатылып жатыр.
Мұндай күрт әлсіреу KASE биржасындағы валюталық сауда-саттық аясында орын алып отыр – орташа сараланған бағам бір долларға шаққанда 546,76 теңге (плюс 4,49 теңге) болды. Ал максималды баға 549 теңгеге жетті – соңғы транзакциялар дәл осы бағамен жабылды, айырбастау пункттері өз бағамдарын белгілеген кезде осыған назар аударады.