Температурасы 2 миллион градустан асатын плазмалық бұлт Жерге соққы жасады: Салдарынан магнит дауылы болуы мүмкін
Фото: 123RF/stockgiu
Бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен және температурасы 2 миллион градустан асатын плазмалық бұлт Жерге жетті. Магниттік дауыл 15 сағат бойы жалғасып жатыр, одан әрі күшеюі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі xras.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
1 маусым күні сағат 10:30-да ACE және DSCOVR ғарыштық спутниктері күн желінің параметрлерінде күрт өзгерісті тіркеді. Бір күн бұрын Күн шығарған плазмалық бұлт Жерге болжанғаннан бір тәулікке ерте жетті яғни 30 сағаттан аз уақыт ішінде. Күн желінің жылдамдығы 1 000 км/с-тан асып, температура 2 миллион градустан жоғары көтерілді. Бұл қалыпты деңгейден 20 есе, тіпті Күн температурасынан да жоғары. Ғалымдар мұндай жағдайдың тарихта алғаш рет тіркелгенін мәлімдеді.
Жерге бұралған магнит өрісінің "бос түтігіне" ұқсайтын ағын келді.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жағдайды түсіну өте қиын. Өйткені келіп жатқан мәліметтер барлық болжам мен күтілімдерге қайшы келеді.
"Белгісіз себептермен сирек жылдамдығы және басқа параметрлері бар шағын және ерекше жылдам плазмалық талшық Жерге жетті. Ал газдың негізгі массасы біршама қалыпты сипаттамаларға ие және кейінірек келеді деген үміт бар", – дейді зерттеушілер.
Айта кетейік, бұған дейін Жерде қуатты магниттік дауыл болып жатқаны туралы жазған едік.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
