Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда жанжалдасқан жігіттерге тоқтау айтпақ болған ер адамды пышақтап кетті (видео)

Теміртауда жанжалдасқан жігіттерді ажыратпақ болған ер адамды ескерту жасағаны үшін өлтіріп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скрин 

Оқиға 10 наурыз күні кешке Металлургтер даңғылында болды. Желіде тараған видеода куәгерлер ер адамның айғайлап жанжалдасып жатқан екі жігітті тыныштандыруға тырысқанын айтты. Олардың біреуі өтіп бара жатқан адамның айтқан сөзін ұнатпай, ер адамды пышақтаған.

Ер адам алған жарақаттарынан қаза тапты.

Қарағанды облысының полиция департаменті кісі өлтіру туралы ақпаратты растады.

"Полиция 10 наурыз күні кешке Теміртау қаласында болған Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, мас күйінде күдікті 44 жастағы ер адаммен жанжалдасып, оның барысында пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.



Ведомствоның мәліметінше, 27 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Талқылау