Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаулық әйел подъезд алдынан нәресте тауып алдым деп жалған айтқан болып шықты

Теміртаудағы тұрғын үйдің подъездінен сәби тауып алған әйел, жалған куәгерлік бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

dbce5c3511d32728d42a87495c515971

Бұған дейін Теміртаудағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен нәресте табылғаны туралы жарияланған еді. 13 қыркүйек күні емізулі сәбиді тауып алған әйелдің пікірі желіде анықталған. Ол өзіне қысым көрсеткен полиция қызметкерлеріне қарсы шағым айтқан.

Жедел-іздестіру шаралары арқасында тәртіп сақшылары мән-жайды анықтаған. 43 жастағы әйел түсіндіргендей, 12 қыркүйек күні ол шағым түсіруші Нинамен бірге 33 жастағы ортақ таныстарының үйінде отырып спирттік ішімдік ішеді. Дастарханда отырған кезде Нина үй иесінен үш айлық сәбиін сұрайды. Ол нәрестені алып кетіп, “тамақтандырып”, “шомылдырып” біраз уақыттан қайта әкеліп беремін дейді. Бұл ұсынысқа сәбидің анасы да келіскен. Бұдан соң әйел баланы үйіне алып кетеді.

Ал сәбидің анасы баланың ауруханада жатқанын полиция қызметкерлерінен білдім дейді. Жауапкершіліктен қашқан Нина біраз уақыттан соң полицияға хабарласып өз үйінің подъездінен сәби тауып алғанын айтады.

Полиция аталған дерек негізінде, куәгерлердің түсіндірмелерін және басқа да дәлелдерді негізге ала отырып шағым түсірушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 420 бабы бойынша іс қозғайды. Ал оған дейін ҚР ҚК 119 бабы бойынша баланың анасына да қатысты қандай шешім қабылданары белгілі болады.

Талқылау